
Қостанай облысы бойынша 26 сәуірден бастап 96 мектептің 79-ы ББЖМ (МОДО) тапсырды. Мониторинг 10-мамырға дейін жалғасады. Мұнда 4,9-сынып оқушылары арасында оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бойынша онлайн форматында тестілеу жүргізіледі.
Әр мектепке тестілеуді өткізу үшін арнайы эксперттер (тест-администраторлар) жіберілген. Департамент қызметкерлері, қосымша тартылған ЖОО, Өрлеу, НИШ, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің өкілдері бақылаушы ретінде мониторингке қатысып жатыр.
Бүгінгі күнге дейін үш мектеп бойынша Ереже бұзушылық анықталды.