
Өткенде Қостанай ауданының Мичурин ОМ 2022 жылының БАБЖМ (МОДО) ауыл мектептерінің арасында үздік нәтижеге ие болғанын жазған болатынмын. Ал ендігісі сол мектептің математика пәнінің мұғалімі Зибагүл Ағайдарқызы Альмагамбетова жайында болмақ. Өмірінің 35 жылын жас ұрпақ тәрбиесіне арнап, математиканың қыр –сырын үйретіп келеді.
Педагог-зерттеуші. ҚР БжҒ министрлігінің құрмет грамотасымен, қашықтан оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар құрастыруға қатысқаны үшін Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық академиясының сертификатымен марапатталған. Еңбек жолында талай жетістіктер мен жеңістерге қол жеткізіп келген тәжірибелі ұстаз бүгінгі күні ауыл мектептерінің арасында 9- сынып оқушылары математикалық сауаттығынан ең үздік нәтиже көрсеткені ерекше,- дейді Зибагүл Ағайдарқызы. Әңгіме барысында "Математикалық сауаттылық" пәндік дағдыларды игеруге емес, жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математикалық білімді еркін пайдалануға мүмкіндік беретінін айта келе ұстаз оқушылырдың пәнге деген танымдық белсенділігін арттыру үшін балалармен бірге әртүрлі есептерді өздері құрастырып шығаруға әр сабақта дәстүрге айналғанын атап кетті.
Алдағы уақытта Зибагүл Ағайдарқызына шығармашылық табыс пен үлкен кәсіби жетістіктер тілеймін. Оқушыларының биік нәтижелері көп болсын!