ОБЛЫС ӘКІМІ МҰҒАЛІМДЕРДІ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІН ТАПСЫРДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ МҰҒАЛІМДЕРДІ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІН ТАПСЫРДЫ

Облыс әкімдігінің жиналысында ауыл мектептеріндегі кадр тапшылығы талқыланды. Білім басқармасының баяндауы бойынша, Қостанай облысында 28 мұғалімнің 45 директордың бос орны бар және шағын жинақталған мектептерінде мамандардың жетіспеуі де кездеседі. Осыған байланысты облыс әкімі жергілікті билік өкілдеріне кадр тапшылығын болдырмау үшін, білікті мамандарды ауыл мектепетеріне тарту мақсатымен педагогтерге жағдай жасалып, тұрғын үймен барынша қамтамасыз етілуін тапсырды.

Бірқатар аудандарда, ауылдық жерлерде жаңа үйлер салынып жатыр, жеке кәсіпкерлер жұмысшыларына жатақханалар берілуде, сонымен қатар білім мекемелерінің педагогтеріне де жаңа үйлер салынуы керек,-деді Архимед Мұхамбетов

Айта кету керек, 2020 жылдың қаңтарында қолданысқа енгізілген "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңы педагог үшін әлеуметтік кепілдіктерді айқындайды. Олардың іске асырылуы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімдеріне тікелей байланысты болатындарға ерекше назар аударамын.

Педагогке ҚР заңнамасында көзделген тәртіппен жеке тұрғын үй құрылысына, оның ішінде қызметтік және (немесе) жатақхана, жер учаскелерін беруге кепілдік беріледі.

Кәсіптік қызметті жүзеге асыру және ауылдық елді мекендерге тұру үшін келген педагогке жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау көрсетіледі, сондай-ақ педагогті әлеуметтік қолдауға бағытталған өзге де жеңілдіктерді белгілеуге құқылы.