БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ 78% БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС КЕЛТІРІЛДІ.

БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ 78% БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС КЕЛТІРІЛДІ.

Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Е. Дауеновтың төрағалық етуімен өткен жиналыстың күн тәртібінде бірқатар өңірлік департаменттерінің өткен жылы атқарылыған қорытындысы тыңдалды. Қостанай облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2022 жылы атқарылған жұмыстың негізгі бағыттары бойынша қорытынды ақпарат ұсынылды.

Департамент жүргізген бақылау іс-шараларының нәтижесінде білім беру ұйымдарының 78%-ның қызметі білім беру саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келтірілді. Жоспардан тыс 46 тексерудің ішінде нұсқамаларды орындау бойынша 9 орта білім беру ұйымдарында бұзушылықтар жойылған жоқ. Тексеру қорытындысы бойынша 27 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде заңды тұлғаларға қатысты – жалпы сомасы шамамен екі миллионнаН астам теңгеге айыппұл салынды. 2 әкімшілік істі соттар қарады.

Мемлекттік аттестаттау 105 білім мекемесінде өткізілді, қорытындысы бойынша мекемелердің 26-ы аттестатталып, 79-ы немесе 75,2% -ы аттестациядан өтпеді. 6 мектеп екінші мәрте өтпеді. Аталған мектептер жайында жергілікті атқарушы органдарға ақпарат жіберіліп, облыстық қоғамдық кеңесінде осы және басқа да тәуекелді мектептер мәселесі көтерілгені туралы және тағы басқа мәселелер туралы айтылды.