
31 наурызда арнайы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Шекарасыз балалық шақ» облыстық фестивалі өтті. Фестиваль ерекше білімді қажет ететін балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, әлеуметтік белсенділіктерін қалыптастыру болып табылады. Бірнеше кезеңнен тұратын байқауға 300-ден астам жас суретшілер, шеберлер мен қолөнершілер қатысты, ал би, вокал, аспаптық, театрлық және шығармашылықтың ерекше жанрларына құмар 200-ден астам бала өнерлерін көрсетті. Гала-концерт барысында балалардың көрсеткен «Жестовое пение», «Хор рук», мәнерлеп оқу және т.б. жеке нөмірлерінен ерекше әсер алдым, тіпті есту қабілеті шектеулі екендігін білмей қалдым. Балалар би өнерін де керемет меңгерген. Өз қолдарымен дайындаған сәндік киімдер көрмесі де тамаша болды.
Оқушылардың осындай шығармашылық қабілеттерін жарыққа шығаруда педагог-тәлімгерлердің еңбегі де ерекше.
Фестивальге қатысқан облыстық білім беру ұйымдарына өскелең ұрпақты өнерге баулу үшін алғыс хаттарымен, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының грамоталарымен марапатталды.
Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс, биік жетістіктер тілеймін.
XVIII Халықаралық "Жұлдыз"балалар шығармашылығы фестиваліне қатысатын балаларға сәттілік!