
2022 жылы Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі қорытындылары бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін Қостанай ауданы, Мичурин орта мектебіне Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауеновтың атынан Диплом табысталды. Ұжымға шығармашылық табыс пен үлкен кәсіби жетістіктер тілейміз, шәкірттеріңіз әрқашан жоғары нәтижеге ие болсын!