МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ШАҒЫН ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТАЛАПҚА САЙ ЖҮРГІЗІЛУІ КЕРЕК

МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ШАҒЫН ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТАЛАПҚА САЙ ЖҮРГІЗІЛУІ КЕРЕК

Қостанай облысында ҰББҚ деректері бойынша жалпы саны 29849 баланы қамтитын 533 мектепке дейінгі ұйым (мемлекеттік - 462, жекеменшік -71) жұмыс істейді. 350 мектеп жанындағы шағын орталықтарға 7 мыңға жуық бала барады

2022 жылы Қостанай облысының 37 (20%) мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізілді, оның ішінде 7 – жекеменшік, 30 – мемлекеттік. 38% мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті, ал 23 (62%) аттестатталмады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейі бойынша құрылымында мектеп жанындағы шағын орталықтары мен мектепалды даярлық сыныптары бар барлық 59 орта білім беру ұйымдары аттестатталмады.

Мемлекеттік комиссия шағын жинақталған мектептерде шағын орталықтардың материалдық-техникалық жабдықталуының төмендігін, құрылымында мектеп жанындағы шағын орталықтары бар мектеп әкімшілігінің мектепке дейінгі әдістемелік сабақтастықтың болмауы, мектептердің жұмыс жоспарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелерінің жоқтығын атап өтеді.

Осы орайда биылғы жылы мемелекттік аттестациядан өтетін мектептер аталған кемшіліктерге назар аударулары қажет.