
Түсіндіру жұмысы шеңберінде Департамент ұжымында ҚР Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі саласындағы заңнамаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультациялық көмек көрсету мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жаңғыртудың өзекті мәселелері, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, лауазымды адамдардың заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы түсініктемелер алды.
Қызметтік іссапарға баратын қызметкерлерге мемлекеттік қызметшілердің іссапарлардағы және қызметтік қажеттілік бойынша тұрақты орналасудан тыс өзге де шығулардағы мінез-құлқы туралы жадынама берілді.
Мемлекеттік қызметшілерге қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға және Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының этикалық стандарттарын ілгерілету бойынша ұсынымдар берілді.
Кеңесте Әдеп жөніндегі уәкілдің өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік қызметшілермен ҚР Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне назар аударылды.