
2023 жылдың 13 - наурызында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мухаметкалиевтің, аудан және қала әкімдерінің әлеуметтік саласы бойынша орынбасарлардың қатысуымен өткен білім басқармасының кеңейтілген алқалық жиналысында 2022 жылдың қорытындысы және жаңа 2023 жылға қойылған мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру мен техникалық және кәсіптік білім берудегі негізгі міндеттері талқыланды.
Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов білім беру кеңістігінде қолайлы жағдай жасау бойынша жергілікті атқарушы органмен қабылданған шаралары жайында баяндама жасады, сонымен қатар күн тәртібінде инклюзивті білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, техникалық және кәсіптік білім берудегі мәселелер талқыланды. Кеңес барысында Ринат Закияұлы қолжетімді және сапалы білім беру- жиынға қатысушылардың басты міндеті екеніне назар аударып, аудан әкімдерінің орынбасарлырына бірқатар міндеттер қойыды, соның ішінде мектептерге баратын жолдардың сапасына, интернет желісінің жылдамдығын арттыру, қауіпсіздік шараларының талаптарын орындалуына және т.б.
Ауыл мектептерінің кадр тапшылығына жеке тоқталып, жергілікті атқарушы органдарға мұғалімдердің тұрақтануына барлық әлеуметтік кепілдіктер орындалуы туралы тапсырма берілді.