АЛТЫНСАРИН АУДАНЫНДАҒЫ ЕКІ МЕКТЕП 2022 ЖЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯДАН СӘТТІ ӨТТІ.

АЛТЫНСАРИН АУДАНЫНДАҒЫ ЕКІ МЕКТЕП 2022 ЖЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯДАН СӘТТІ ӨТТІ.

Алтынсарин ауданы білім бөлімінің кеңесінде 2022 жылы өткізілген мемелекеттік аттестацияның қорытындысы бойынша негізгі жіберілген қателіктер мен заң бұзушылықтар туралы баяндап, мекемелердің өзін-өзі бағалау материалдарын сапалы дайындығы бойынша тиісті ұсыныстар жасадым. Айта кету керек, Алтынсарин ауданының мемлекеттік аттестациядан сәтті өту үшін жақсы дайындығымен ерекшеленетін мектептердің тәжірибесі бар. Атап айтқанда Силантьев орта мектебі және Жанасу негізгі мектебі бұған дейін де мемелекеттік аттестациядан сүрінбей бірден өткен. Биыл аудан бойынша жоспарда екі мектеп бар.

Сонымен қатар баяндама барысында білім мекемелеріне қойылатын біліктілік талаптар туралы, педагогтерді жұмысқа қабылдау талаптарының орындалуы жайында, білім мекемелеріндегі алқалық кеңестердің жұмыс істеуіне, соның ішінде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің тиісті жұмыс жасауына т.б. тақырыптарға назар аудардым.

Күн тәртібі негізінде кеңесте жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың баламалы (альтернативный) формасын дамыту мәселесі бойынша, республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің қорытындысы жайында, қабілеті жоғары, дарынды балаларды қолдау мақсатында жасалып жатқан іс-шаралар туралы айтылды.