ҚАРАБАЛЫҚ АУДАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕҢЕС ӨТТІ

ҚАРАБАЛЫҚ АУДАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕҢЕС ӨТТІ

23 ақпан 2023 ж. М. Сералин атындағы орта мектепте Қарабалық ауданының білім беру ұйымдары басшыларының кеңесі өтті. Күн тәртібінде ауданның білім беру жүйесінің өзекті мәселелері қарастырылды. Мектепте педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибесімен М.Горький атындағы ОМ директоры Ж.У. Маралбаева бөлісті. Келесі мәселе — білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттауға дайындығы. Сарыкөл орта мектебінің директоры Г. Б. Сұлтанова шағын жинақты мектеп жағдайында білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын және мемлекеттік аттестаттауға дайындалу алгоритмі туралы баяндады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және жұмысқа қабылдау кезінде педагог лауазымына кандидаттарды сапалы іріктеуді қамтамасыз ету тақырыбы бойынша Абай Құнанбаев атындағы ОМ директоры сөйледі.

Кеңес барысында мемлекеттік аттестаттау, 2022 жылғы профилактикалық бақылау қорытындылары негізінде білім беру саласындағы заңнаманың кейбір бұзушылықтарына тоқталып, оларды уақтылы жою бойынша іс шаралды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жасадым. Орта білім беру ұйымдарының білім беру ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі әлі де болса өзекті. Сондай-ақ, балалардың білім беру мекемелерінде қауіпсіз болуын қамтамасыз ету, педагогтардың құқықтарын бұзуға жол бермеу және т. б. мәселелерге назар аударылды.