БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

2023 жылы 16 ақпанда болған жұмыс сапары кезінде Қостанай облысының білім басқармасымен бірге Федоров ауданының білім мекемелерінің басшаларымен кездесу өткізлді. Жиын барысында оқушылардың қауіпсідігін қамтамасыз ететін іс-шаралардың күшейту мәселесі бойынша ұсыныстар жасалды. Профилактикалық бақылау, мемлекеттік аттестация кезінде анықталған кемшіліктерге назар аударылып, білім мекемелеріне қойылатын біліктілік талаптар туралы айтылды.

Сонымен қатар, Қостанай облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші органының (ККО) құрылу мақсат-міндеттерімен әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының нормалары мен педагогтік әдеп ережелерін сақтауды қамтамасыз ету туралы, педагогтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу және алдын алуға бағытталған шараларды жүйелі ұйымдастыру мәселесіне назар аударылды.