
Федоров ауданы әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелері жөнiндегi орынбасары Рамиль Валеевпен кездесу барысында Мемлекет басшысының білім беру саласының дамуына қойған тапсырмалары мен міндеттері талқыланды, міндетті түрде орындалуын талап ететін білім мекемелеріне қойылатын біліктілік талаптар туралы айтылды.
Жергілікті атқарушы органдардың назарынан білім саласы ешқашан назардан тыс қалмайды, жеке шаруашылықтардың көмегі де зор - дейді Рамиль Гадельзянович. Ауыл мектептеріне кезең-кезеңмен су тартылып келеді, биыл жоспарда тағы екі мектеп қосылатын болады, 2022 жылы апатты екі жылыту қазандығы жергілікті бюджет есебінен ауыстырылған, үш ауылдық округінде мұғалімдерге арналған үйлер бекітілген.
Ауданда оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тиісті іс шаралар жасалып жатыр. Барлық білім мекемелері 100% бейнебақылаумен, дабыл түймемен жабдықталған, бүгінгі күні мамандандырылған күзет еңгізу шаралары жүргізіліп жатыр.