
Жұмыс сапары кезінде Бейімбет Майлин атындағы аудан әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi орынбасары Марат Альмагамбетовпен Мемлекет басшысының білім беру саласының дамуына қойған тапсырмалары мен міндеттері талқыланды. Сонымен қатар аудандық білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жайында, білім мекемелеріне қойылатын біліктілік талаптар туралы айтылды. Әңгіме барысында оқушылардың қауіпсідігін қамтамасыз ететін іс-шаралардың күшейту мәселесі бойынша, соның ішінде бейнебақылау жүйесінің талаптары бойынша, мекемелердегі ішкі дәретханалардың қолайлы болуына, балаларды тасымалдайтын автокөліктердің жаңартылуына, оқушылардың құқық бұзушылық факторларын алдын алу шаралардың күшейтілуіне назар аударылды.