ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ

ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ

2023 жылы 8 ақпанда Қостанай облысының білім басқармасымен бірге Б.Майлин ауданының педагогикалық ұжымымен кездесу өткізілді.

Қостанай облысы білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Департамент жанындағы Консультативтік-кеңесші органының (ККО) мақсат-міндеттері мен жұмыс тәртібімен таныстырдым. «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының нормалары мен педагогтік әдеп ережелерін сақтауды қамтамасыз ету туралы, педагогтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу және алдын алуға бағытталған ұсынымдар жасалды. Педагогтермен әңгімелесу барысында ауданның кейбір мектептерінде мұғалімдерді түнгі кезекшілікке тарту, артық есептілікті талап етілу фактілері әлі де болса анықталып келеді. Осыған байланысты «Педагог мәртебесі туралы» Заңда белгіленген талаптарға және Әкімшілік құқықтық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 409-бабына назар аударамын: ҚР педагог мәртебесі туралы заңнамасын:

1) ҚР заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогті кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту;

2) педагогтен ҚР білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыру;

3) ҚР заңдарында көзделмеген тексеру жүргізу;

4) педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатыпалу бойынша міндетті жүктеу;

5) мемлекеттік орта білім беру ұйымының педагогін өз кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тарту түрінде жасалған бұзушылық –

Ескерту жасауға алып келеді.

7-4. Осы баптың 7-3-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – Лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР! «Педагог мәртебесі туралы» Заңы бұзылған жағдайда Қостанай облысы сапаны қамтамасыз ету департаментіне 8 (714)2 535266,549482, 87057012374 телефондары арқылы байланысуға болады. Сонымен қатар «Педагогті қорғау-Қостанай облысы» https://t.me/+H[l1T0nCjMywey телеграм-каналына қосылып, сұрақтарыңызды коя аласыздар.