КОСТАНАЙ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КОСТАНАЙ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қостанай ауданы әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелері жөнiндегi орынбасары Қайрат Қасқабаевпен кездесу барысында ауданның білім саласы туралы, білім беру сапасына әсер ететін факторлар мен тәуекелдер туралы айтылды. Аудандық білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жайында, білім мекемелеріне қойылатын біліктілік талаптары талқыланды. Әңгіме барысында ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңның талаптарын қатаң сақталуы туралы, оқушылардың қауіпсідігін қамтамасыз ететін іс-шаралардың күшейту мәселесі бойынша ұсыныстар жасалды.

Ауданда 56 білім мекемесі бар, соның ішінде колледж, 44 мектеп, 8 балабақша, қосымша білім беру ұйымдары. 2023 жылы материалдық-техникалық базаның нығайтуына 69,4 млн. тенге бөлінген, 2022 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарын өткізуге 6 мектепеке 49,6 млн. жұмсалған, ал 2023 жылға 10 мектепке 126,8 млн қаражат бөлініп отыр. Күрделі жөндеу өткізу үшін үш жобалық смета әзірленген, бұған 800 млн астам қаражат керек. 2021 жылдан бері жылыту қазандықтар 3 мектептен шығарылған, осы бағыттағы жұмыс биыл жалғасады, кейбір мекемелерде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша шараларды күшейту, балаларды тасымалдайтын автопарктің жаңартылуы бойынша бірқатар міндеттер тұрғанын атап өтті Қайрат Абылғазыұлы.