ТОБЫЛДА ӘРІПТЕСТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТОБЫЛДА ӘРІПТЕСТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2023 жылы 3- акпан күні бірлескен жоспар бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Марионелла Слесарьмен Қостанай ауданының білім бөлімінің басшысы Алия Туткараевамен, Тобыл қаласының мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, білім мекемелерінің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестерінің төрағаларымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қолданысына, педагогтерді құқықтары мен жауапкершілігі туралы, педагогикалық әдептің сақталуына баса назар аударылды. Мұнда әр білім мекемесіндегі әдеп жөніндегі кеңестің миссиясы туралы, оның мақсат –міндеттері талқыланды. Сонымен қатар педагогтердің уақытында біліктілік курстан өту тақырыбы туралы айтылды.

Мектеп басшыларымен білім саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттары бойынша әңгімелесу жүргізілді, соның ішінде мемелекеттік аттестацияға дайындық шаралары, білім мекемелеріне қойылатын біліктілік талаптар талқыланды. Кездесу соңында әріптестердің сұрақтарына жауап берілді.