КҮН ТӘРТІБІНДЕ: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ СҰРАҚТАРЫ

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ СҰРАҚТАРЫ

3-ақпан күні ОА Министрлігінің мектепке дейінгі білім департаментінің республикалық кеңесінде 2023 жылға арналған мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудың негізгі міндеттері айкындалды және бірқатар өзекті тақырыптар қарастырылды. Соның бірі: мектепке дейінгі мекемелердің 2022 жылы мемлекеттік аттестациядан өтуінің қорытындысы. Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов баяндады.

Аттестацияның нәтижесімен бірге спикер мектепке дейінгі мекемелерде анықталған бірқатар проблемалық сұрақтарға тоқталды, соның ішінде республика бойынша 92 мектепке дейінгі балалар мекемелері өз жұмыстарында хабарлама жасау тәртібін сақтамаған, 180 балабақша интернет желісіне қосылмаған, өңірлік департаменттер әр түрлі заң бұзушылықтар жіберген мекеме басшыларын әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Атап кеткенде білім саласында қызметтің үлгілік қағидалары сақталмағаны үшін, «Педагог мәртебесі» Заңның бұзылғаны үшін және т.б. Баяндама соңында алдағы уақытта мектепке дейінгі білім мекемелерінің заң бұзушылығына жол бермеуін, мемлекеттік аттестацияға дайындық кезінде талаптардың қатаң сақталуы бойынша ұсыныстар жасалды.

Айта кету керек, Костанай облысы бойынша 2022 жылы 37 балабақшада мемлекеттік аттестация өткізілді, соның ішінде тек 38 % оң нәтиже көрсете алды, ал 62% білім саласындағы әртүрлі заң бұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар мектеп жанындағы шағын орталықтары бар барлық 59 мекеме аттестатталмады. Бұл мектеп директорлары тарапынан шағын орталықтардың жұмысна немқұрайлы қарауында және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың нормативтік-құқықтық заңның білмеуінде деп білемін, осы орайда, білім саласында жергілікті атқарушы органдар мекеме басшыларының құқықтық құзыретін көтеру үшін нақты жұмыстар ұйымдастырулары қажет деп есептеймін.