ӘДЕП КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА КАТЫСУ

ӘДЕП КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА КАТЫСУ

Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңес отырысының онлайн-трансляциясын көруге қатысты.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында еңбек заңнамасын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібін сақтауы, артық жұмыс уақытының алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында болуы, мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, қызметтiк мiндеттер мен рұқсат етiлген қызметтi орындау үшін мемлекеттiк мүлiктi тек мақсаты бойынша пайдалану, заңда белгiленген шектеулердi сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау және т.б. сұрақтар қаралды.

Әдеп жөніндегі кеңес қабылдаған шешімдер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау, мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызметшілерге тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдептi сақтауға жауапкершiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар қажеттігін айғақтайды.