
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалымен ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМҒА қол койылды. Мұның шеңберінде облыстың мұғалімдері арасында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізілуі көзделіп отыр.
Жалпы біріңғай алаңда мұғалімдерге арналған жеке қабылдау күндері, ақпараттық- құқықтық сағаттарды өткізу, семинарлар, дөңгелек үстелдер тағы басқа жобалар ұйымдастырылатын болады.
«Өрлеу» ұжымымен кездесу барысында филиалдың жұмыс тәртібімен, материалдық-техникалық базасымен таныстым. Педаготердің біліктілігін арттыру курстарын жүргізуге тиісінше жағдай жасалғаны байқалады. Бүгін білім қызметкерлері арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттерінің қызметкерлерімен арнайы курстар өткізу өзекті, - дейді филиал директоры Марионелла Слесарь.
Осы бағытта мектеп жанында шағын орталықтары бар мектеп директорларына мектепке дейінгі тәрбие жүйесі бойынша курстардан міндетті өткізу туралы ұсыныс жасадым.