
1 ақпан күні жеке қабылдауға Қостанай облысы Қарабалық аудандық білім бөлімінің басшысы Дильнара Сапанова келді. Кездесу барысында Дильнара Сембаевна мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өтуі, мектептердің мемлекеттік аттестацияға дайындығы туралы сұрақтар көтерілді. Жалпы Қарабалық ауданында 24 мектеп бар, соның ішінде оқу-тәрбие үрдісін тек екі мектеп қазақ тілінде, бір мектеп аралас тілінде жүргізеді.
Мектепке дейінгі білім мен тәрбие 2 балабақша, мектеп жанындағы 18 шағын орталықтан тұрады. Аудандық білім бөлімдерінің облыстық білім басқармасының құзырына өткеннен бері саланы қаржыландыру ұлғаюда, күрделі және ағымдағы жөндеуге, сонымен қатар білім мекемелерінің МТБ жаңартылуына жыл сайын қаражат бөлінуде. - дейді Д. Сапанова.
Әңгіме барысында білім мекемелеріне қойылатын біліктілік талаптар талқыланды, соның ішінде оқушылардың қауіпсідігін қамтамасыз ететін іс-шаралардың күшейту мәселесі бойынша бірқатар ұсыныстар жасалды.