
Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Қостанай облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі К.Т. Бекимова мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша онлайн режимінде ұйымдастырған кеңестің жұмысына қатысты.
Кеңес Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Ж.Жылқышиеваның қатысуымен өтті.
Кеңесте мемлекеттік қызметшілер арасында, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу үшін мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне (сыртқы және ішкі) талдау жүргізу қажеттілігіне назар аударылды.