
«Өрлеу» БАҰО» АҚ құрылғанына 10-жыл» мерейтойына сәйкес Қостанай облысы бойынша филиалында салтанатты Ғылыми кеңестің отырысына қатыстым.
Филиал директоры М. Слесарь өз баяндамасында 10-жылдық тарихы бар институттың жасаған жұмысының қорытындысын жасады. Сөзді ардагер ұстаздар жалғастырып, білім саласында болып жатқан кешегі мен бүгінгі оң өзгерістер туралы айтып, педагог қауымдастығымен ой бөлісті, Өрлеумен тығыз байланыста жұмыс жасап келген білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері өз тәжірибелері туралы айтып кетті.
Ынтымақтастық шеңберінде Өрлеумен бірізділік алаңда білім саясатын жүзеге асыруға бағытталған жұмысты жалғасатын болады. Департамент атынан әріптестерге үлкен шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілеймін.