ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС

16 қаңтар күні Департамент жанындағы педагогикалық этика және педагогтардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші органның (ККО) кезекті отырысы өтті. Отырыста аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері әлеуметтік желі арқылы әріптесінің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтіріп, әдепсіз ақпараттың таратылуына жол берді.

Әңгімелесу барысында педагогикалық этиканы бұзған факті бойынша түсініктеме алынды. Нәтижесінде ФБ парақшасындағы жазбалар жойылды, педагогпен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кеңес мүшелері аудандық білім бөлімінің басшысына әдіскердің педагогикалық әдепті бұзғаны үшін тиісті шара қабылдау үшін ұсыныс жасады.

Естеріңізге сала кетейін, ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕПТІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ» № 190 бұйрығында жалпы ережелермен қоса педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары мен нормалары бекітілген.