
2022 жылғы 30 желтоқсанда бейнеконференц байланыс арқылы педагогпен педагогикалық әдеп қағидаларын бұзу мәселесі бойынша консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.
Отырыс барысында әлеуметтік желілерде мұғалімдердің педагогикалық әдеп нормаларын сақтауы мәселелері талқыланды. Консультативтік-кеңесші органның мүшелерін Педагогикалық әдеп қағидаларын өзектендірді, соның ішінде 7.15), 7.16), 7.17) тармақтарының талаптарымен таныстыру, оған сәйкес мұғалімдер қызметтік және жұмыстан тыс уақытта: материалдарды БАҚ-та, оның ішінде интернет-басылымдарда жариялайды, жеке тұлға ретінде өз атынан ғана көпшілік алдында сөйлейді, бұл ретте педагогтің жоғары атағына нұқсан келтірмей, пікірталасты дұрыс түрде жүргізуді қамтамасыз етеді, мемлекеттің лауазымды тұлғаларының атына сындарлы емес сыннан және әдепсіз пікірден тартынады, жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашпайды, қоғамда педагогтің жоғары атағына нұқсан келтірмейді; … «білім беру ұйымының атынан бұқаралық сөз сөйлеулер, БАҚ жарияланымдары осы ұйымның басшысымен келісіледі».
Өтініш материалдарын зерделеу және қарау нәтижелері бойынша Педагогикалық әдеп және педагогтардың құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік-кеңесші органымен білім басқару органдарына мектеп мұғалімдер арасында Педагогикалық әдеп ережелерін түсіндіру жұмыстарын белсендетуді ұсынды. Педагогикалық әдеп негізгі қағидаттары мен нормаларын сақтауды қамтамасыз етуге барлық мүмкіндіктерді жұмылдыру ұсынылды.