МАЗМҰНДЫ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

МАЗМҰНДЫ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты еркешеліктері (ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.08.2022 ж.№ 348 бұйрықпен бекітілген) тақырыбында Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұйымдастырған семинар өтті. Семинар барысында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкері Айнур Архымтаева Стандарттың жалпы ережесі мен қағидаларына, нәтижеге бағдарланған білім беру мазмұнына, аптаның максималды жүктемесіне қойылатын талаптарға тоқталып, білім алушылардың дайындық деңгейінің қорытынды нәтижесіне және т.б тарауларға назар аударды.

Департамент қызметкерлері мемлекеттік аттестация және тағы басқа бақылау шаралары кезінде Мемлекеттік стандарттың қатаң сақталуына назар аударады. Сондықтан бүгінгі семинар әріптестер үшін өте тиімді, маңызды болды.