
Бүгін Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Е. Дауеновтың төрағалық етуімен өткен жиналыстың күн тәртібінде өзекті сұрақтар қарастырылды. Мемлекеттік бақылау шараларының жүргізілуіне комитет төрағасының орынбасары Гүлназ Сүлейменова сараптама жасап, жыл соңына дейін орындалуы бойынша міндеттер қойып, мерзімдерін айқындады.
Білім беру ұйымдарының қызметін субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесін бағалау мәселесі бойынша Жамбыл облысы және Астана қаласының тәжірибесі тыңдалды және консультативтік кеңестердің жұмыс жасау жүйесімен Батыс Қазақстан облысының департамент басшысы Бұлбұл Кузембаева таныстырды. Аталған сұрақтарды сапалы орындау, жұмысты жетілдіру бойынша комитет төрағасы бірқатар ұсыныстар жасап, нақты тапсырмалар жүктеді.