«ПЕДАГОГТІ ҚОРҒАУ» ТЕЛЕГРАМ КАНАЛ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«ПЕДАГОГТІ ҚОРҒАУ» ТЕЛЕГРАМ КАНАЛ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру бағытында қарастырылған мұғалімдердің өтініштері бойынша күн сайын талдау жасайды.

Өздеріңіз білетіндей педагогтердің құқығын қорғау мақсатында «Педагогті қорғау» телеграм чаты (t.me/KOKSO_MP) іске қосылды. Мұнда мұғалімдерден артық есеп талап ету, кәсіби қызметіне жатпайтын жұмыстарға тарту туралы заң бұзушылықтары бойынша шағымдар қарастырылады.

Бүгінгі күні Қостанай өңірі бойынша 5 сұрақ қаралды, олардың екеуіне түсіндіру берілді, 2 сұрақ – оң шешімін тапты, бір сұрақ қаралуда.

Айта кету керек, түскен сауалдардың барлығы білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың құзырындағы сұрақтар, бірақ та білім бөлімдеріндегі мамандардың педагогтер көтерген мәселелерін тиісті деңгейде қарастырмауы байқалады.