
Кеңес барысында қатысушыларға білім саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар білім мекемелерінде оқушылардың кауіпсіздігіне қойылатын талаптарға тоқталдым. Мемлекеттік аттестация, профилактикалық бақылау шараларының нәтижесі бойынша жиі кездесетін заң бұзушылықтарға назар аудардым.
Жалпы алқалық кеңесінде білім беру ұйымдарының желісін және мемелекеттік тілде білім алушылар контингентін ұлғайту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасын орындау туралы және т.б өзекті тақырыптар талқыланды. Алқа кеңесінің қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту мақсатында ана тілінде оқитын балалардың санын көбейту үшін ата-аналармен түсіндіру жүмыстарын тұрақты жүргізу, осы бағытта балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты күшету жұмыстарын жүргізу шешімі шығарылды. Сонымен қатар білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, ғимараттардың уақытылы ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша, жалпы 2022 жылғы алқа шешімдерінің орындалуына байланысты ұсыныстар еңгізілді.