АРТЫҚ ЕСЕПТІЛІККЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕУ КЕРЕК

АРТЫҚ ЕСЕПТІЛІККЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕУ КЕРЕК

 ҚР Оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетовтың төрағалық етуімен өткен кезекті жиналысының күн тәртібінде бірнеше сұрақтар қарастырылды. Білім саласындағы жергілікті атқарушы органдары тарапынан білім мекемелерінен артық есептілікті талап ету, білім мекемелерінің лицензиясыз жұмыс жасауы, мемлекеттік аттестациялардың қорытындысы туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Е. Дауенов баяндады. Жергілікті департаменттер жүргізген мониторинг нәтижесінде әлі де болса білім бөлімдерінің мамандары артық есептілікті талап етіп, ҰБДҚ –нан алынатын мәліметтерді әр мектептерден жинайтындығы анықталды, бұдан басқа әр түрлі ақылы курстарға, олимпиадаларға катысуға шақыратын ақпараттар, газет-журналдарға жазылу және педагогтардың кәсіби қызметіне жатпайтын шараларға қатысу туралы хаттар жіберілген. Баяндама қорытындысы бойынша Министр заң бұзушылықты жіберген тұлғаларға нақты шаралар қабылдауды тапсырды.