
Arbat.media порталына өзін таныстырғысы келмеген Астана қаласында тұратын азамат Қостанай облысы Жангелді ауданына қарасты Акшығанақ ауылының Қаражан Тоқпаев атындағы орта мектепте балалар оқуға қолайсыз жағдайда оқып жатқандығы туралы және мектепте күрделі жұмысқа мұғалімдерідің тартылуы бойынша ақпарат жіберген. Аталған мәліметтер бойынша Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім басқармасынан, мектеп директорынан түсініктеме алды. Қазіргі кезде қүрделі жұмыстар аяқталған, мектеп штаттық жүйеде жұмыс жасап жатыр, мұғалімдер күрделі жөндеу жұмыстарына қатыспағаны туралы ақпарат алынды, мердігер компаниясы жергілікті тұрғындарды жұмысқа шақырған. Бүгін Жангелді аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Қ.Ж. Құлтановпен кездестім. Жалпы бұл 250 оқушы оқитын мектепке 2022 жылы қүрделі жөндеуден өткізу үшін 393 млн қаражат бөлінген, «Балқашжібекжолы» ЖШС жүргізген. Мұңда шатырдың, терезелердің, есіктердің ауыстырылуы, жылыту және электр шамдардың, еденнің, сырқы жұмыстарды жүргізу жоспарланған. Бүгінгі күні қабылдау тапсыру актісіне әлі қол қойылмаған, аудандық білім бөлімі мезіміне сәкес жұмыстар аяқталмаған соң, күнделіеті өсімпұл төленбеген үшін мердігер компанияны сотқа береді, сот отырысы 20 желтоқсанға жоспарланған.
Жалпы ауданда 21 метеп бар, оның 15 ОМ, 3 негізгі ОМ, 3 БМ. 2020 жылдан бастап күрделі және ағымдағы жұмыстарын жүргізуге, метептердің материалдық-техникалық базасына қомақты қаражат бөлініп келеді,- дейді Қасым Жоламанұлы. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық метепте бейнебақылау орналастырылған, 9 мектеп ЖБО ға қосылған, жылы дәретханалар барлық мектепте бар, оқушылар 6 мектепте толыққанды ыстық тамакпен қамтамасыз етіледі, ал 18 мектепте буфеттік тамақтану ұйымдастырылған. Ауданда екі мектепке балалар тасымалданады, көліктің біреуі тозуына байланысты ауыстыруды қажет етеді, интернет желісі кейбір мектептерде 4 мб/с нен де төмедігі туралы айтылды.
Алдағы уақытта Жангелді ауданына баруды жоспарлап отырмын