
Қостанай облысының мектептеріне барған кезде мектеп деректорларының педагогтердің құқықтарын бұзу фактілері анықталды. Қостанай ауданы бойынша білім мекемесінің бірінде мектеп директоры "Мереке күні кезекшілік туралы"бұйрықтар шығарған. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды тіркеу кітабында жазбалардың болуы мектеп мұғалімдерінің мереке күндері кезекшілікке тарту фактілерін растайды (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 2 қаңтарға дейін, 7 қаңтар, 8 наурыз). Бейімбет Майлин атындағы ауданда мектеп директорының қолымен бекітілген түнгі уақытта жастар көп жиналатын жерлерде мұғалімдердің кезекшілік кестесі көрсетілген. Осылайша, оқу орындары басшыларының қызметінде ұстаздардың құқығын бұзатын әрекеттерге жол берілді. "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңының 6-бабының 2-тармағы бұзылғаны анықталды. Осы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 7-3-бөлігінің 409-бабында көзделген.
Білім беру саласындағы заңнама талаптарының анықталған бұзушылықтары бойынша Департамент қолданыстағы НҚА сәйкес лауазымды адамдарға қатысты әкімшілік іс жүргізуді бастайды.
Бірақ та ұстаздардан өзіне тән емес функцияларға тарту бойынша өтініштер түспегенін атап өту қажет. Бұл жағдайда педагогикалық жұртшылықтың ашық болғанын қалаймын, өйткені педагогтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу Қостанай облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Әр өтінішке Департамент қызметкерлері уақтылы жауап береді, шешу жолдарын қарастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді,
Біздің облыстың әрбір азаматы, мейлі ол ата-ана болсын, педагог болсын, қоғам өкілі болсын, білім беру саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша департаментке жүгіне алады.
Байланыс телефондарымыз: 8(7142) 535266, 549482, 87057012374