ҰСТАЗДЫҢ ШАҒЫМЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

ҰСТАЗДЫҢ ШАҒЫМЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Жеке қабылдауда Қостанай ауданы мектебінің мұғалімі болды. Педагогтің көрсеткен мәліметі бойынша Департамент объектіге бару арқылы жоспардан тыс тексеру жүргізді. Мұнда аталған фактілер бойынша мектептің құжаттамасы зерделенді, бастапқы әскери және технологиялық даярлық кабинетінің материалдық-техникалық жағдайы анықталды, мектеп әкімшілігімен, педагогтарымен әңгімелер жүргізілді, түсініктемелер алынды.

Тексеру қорытындысы бойынша мектеп директоры "қызметтің үлгілік қағидаларын сақтамау" бөлігінде Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"кодексінің 409-бабы 4-бөлігінің 1-тармағын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, педагогтің өтініші "Қостанай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" РММ, "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" ММ, "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы" ММ, "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" ММ ведомстволық бағыныстылығы бойынша заңнамада белгіленген бөлімде қарау және өтініш берушіге мерзімді жауап беру үшін жіберілді.