ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС

28 қарашада Департамент жанындағы педагогикалық этика және педагогтардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші органның (ККО) кезекті отырысы өтті. Бұл отырыста Бейімбет Майлин ауданы мектептерінің бірінде педагог тарапынан педагогикалық этиканы сақтамау туралы жеке тұлғаның өтініші қаралды. ККО жұмысына Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің басшысы А. Әлімбаева, мектеп директоры қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша мектептің әдеп жөніндегі кеңесте педагогтің іс-әрекетін қарап, мектеп директоріне тиісті шара қабылдау үшін ұсыныс берілді.

Естеріңізге сала кетейін, ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕПТІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ» № 190 бұйрығында жалпы ережелермен қоса педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары мен нормалары бекітілген.

Сонымен қатар, департамент жанынан құрылған ККО педагогтардың құқықтарын қорғауға да арналған. «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңында мұғалімдерді өзіне тән емес функциялардан қорғауды, оны кәсіби қызметімен байланысты емес түрлі жұмыстарға тартуды, «Білім туралы» заңда көзделмеген түрлі есептілікті ұсынуды, тауарлар мен қызметтерді сатып алуға мәжбүрлеуді көздейтін нормалар нақты көрсетілген.

Құрметті ұстаздар! Құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Қостанай облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне хабарласуға болады. Байланыс телефондарымыз: 8(7142) 535266, 549482, 87057012374