ПЕДАГОГТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ ҚР БжҒМ№57 БҰЙРЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС

ПЕДАГОГТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ ҚР БжҒМ№57 БҰЙРЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ЖҮРГІЗІЛУІ ТИІС

ҚР Оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетовтың төрағалық етуімен өткен кезекті жиналысының күн тәртібінде бірнеше сұрақтар қарастырылды. Соның бірі: жалпы орта білім беру жүйесінде педаготарың жұмысқа қабылдау тәртібі бойынша жүргізілген мониторингтің қорытындысы. Бұл жайында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Е. Дауенов баяндады.

Педагогтерді жұмысқа қабылдау «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» КР БжҒМ № 57 бұйрығы негізінде жүргізілуі қажет. Дегенмен жүргізілген мониторинг республика бойынша жіберілген қателіктерді, жалпы №57 бұйрықтың кейбір тармақтарының бұзылуын көрсетті. Мысалы, 1423 педагог конкурс жарияланбай, 944 –і №57 бұйрықпен бекітілген Ереженің бұзылуымен жұмысқа қабылданған, ал 236 педагог біліктілік талаптарға сәйкес келмеген. Аталған мониторинг нәтижесінде 543 тұлғаға тәртіптік жаза қолданылса ,16 –ы жұмыстан босатылды-, деді Ернұр Дауенов. Баяндама қорытындысы бойынша Министр бірқатар нақты тапсырмалар берді. Ең бастысы мұғалімдерді жұмысқа қабылдауы ашық, әділ болуы шарт. Бұл мәселе жергілікті білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департамент тарапынан тұрақты бақылауында болуы, ал болашақта бұл мәселе орталықтандырылған цифрлық платформасы арқылы жүзеге асырылатын болатыны туралы айтты.

Қостанай облысы бойынша Департамент қызметкерлері жүргізілген мониторинг кезінде өңір бойынша педагогтерді жұмысқа қабылдауында бірқатар қателіктер анықталды. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап жаңа оқу жылына дейін 110 педагог жұмысқа қабылданған, соның ішінде 12 –і бойынша Ереже бұзылғаны анықталды, екі педагог біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі, кейбір мұғалімнің құжаттары толық тапсырмауы, конкурстік комиссия құрамында уәкілетті органның, білім беру саласындағы азаматтық қоғамның өкілі, тәуелсіз сарапшының болмауы, аудио-бейне жазбалары жүргізілмеуі және т.б. Департамент тарапынан білім саласындағы жергілікті атқарушы органдарына түсіндіру жұмыстарымен қоса Ереже бұзушылықты жіберген тұлғаларға тиісті шара қолдануын ұсынды.