
Қостанай облысы Арқалық қаласының дене шынықтыру мұғалімі «Педагогті қорғау» телеграм чаты арқылы тек 9 сағаттық жүктемемен жұмыс жасайтыны туралы жазған өтініші бойынша Департамент тиісті жұмыс жүргізді. Нәтижесінде педагогтің оқу жүктемесіне тағы 6 сағат қосылды.
Алтынсарин ауданы бойынша шағымданған мектепалды даярлық сыныбы тәрбиешісіне оқу жүктемесіне қарай еңбек ақысы толық төленбеген. Департамент бұл мәселені білім бөліміне жолдап, түсініктеме алды. Бүгінгі күні сұрақ толығымен шешілді. Педагогтің еңбекақысы дұрыс төленетін болды.