ҰСТАЗДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

ҰСТАЗДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

ҚР Оқу-ағарту министрлігі педагогтердің қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастыруда. «Педагог мәртебесі туралы» ҚРЗ мұғалімдерді педагогикалық жұмысқа қатысы жоқ қызметке тартуға тыйым салынады. Мәселе ағымдағы жылдың 8 қарашасында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аппараттық кеңесінде қаралды, оның қорытындысы бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттеріне мұғалімдер тарапынан ҚР білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептерге сұраныстың мониторингін жүзеге асыру тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Педагог құқықтарының бұзылуына жол бермеу туралы» 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 172 бұйрық шығарды, ол педагогтердің құқықтарын қорғауға бағытталған. Білім беруді басқару органдары, басқа органдар мұғалімдерді педагогикалық қызметке тән емес және көзделмеген есептілікті талап ететін функцияларды орындауға тарту жағдайларына жол берген жағдайда, педагогтер Қостанай облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне жүгінуі қажет.