
Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтың төрағалық етуімен өткен кеңейтілген кеңесте өңір бойынша ұлттық Жобаның жүзеге асырылуы туралы білім басқармасының басшысы Зауре Байменова баяндады. Ұлттық жоба балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін мектеп салу, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құру және т. б. мәселелерді қамтиды. Жобаны іске асыру мақсатында Қостанай облысында бірқатар нақты шешімдер қабылданған.
Облыста 188 балабақша мен 354 шағын орталықта 28 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Келесі жылы 4 балабақша салу жоспарлануда. Жалпы орта білім беру беру жүйесінде 455 мектепте 113 мың оқушы білім алады. Биылғы жылы 2 білім мекемесінің құрылысы басталған, келесі жылдары тағы да 4 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. «Жайылы мектеп» жобасы бойынша 2025 жылға дейін тағы 8 мектептің құрылысы қарастырылып жатыр. Білім мекемелерінің күрделі жөндеуге 7 млрд тенге қаражат бөлінген. Сонымен қатар, облыс оқушыларының 73,3% қосымша білім алумен қамталған, бұл бағытта да Қостанай қаласында заманауи Оқушылар сарайының құрылысы жүріп жатыр.
Жыл сайын білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасының жаңартылуына қомақты қаржы бөлініп келеді. Жиын соңында облыс әкімі бірқатар міндеттер қойып, білім беру жүйесіне баса назар аударуды жергілікті билік өкілдеріне де тапсырды. Ең бастысы білім мекемелерінде балаларға қолайлы, кауіпсіз ортаның жасалуы маңызды, -деді Архимед Мұхамбетов