Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметіне оң баға берілді

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметіне оң баға берілді

Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру кезіндегі әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің нәтижелері туралы баяндама жасады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесі ұжымдағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуал, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзбау болып табылады.

Әдеп жөніндегі кеңес әдеп жөніндегі уәкілі Нукеева Жаймагуль Турлыбекқызының қызметіне оң баға беріп, жүктелген функциялар аясында қызметті одан әрі жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды.

Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін, өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, қолайлы моральдық-психологиялық атмосфераны құру, бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің оң жұмысын жариялау-мемлекеттік қызметте әдеп нормаларын ілгерілету жөніндегі департамент ұжымының алдында тұрған міндеттер болып саналады.