Педагог құқығы бұзылған кезде

Педагог құқығы бұзылған кезде

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

ҚР Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ. 409-бап. ҚР білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу

7-3. ҚР педагог мәртебесі туралы заңнамасын:

1) ҚР заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогті кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту;

2) педагогтен ҚР білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыру;

3) ҚР заңдарында көзделмеген тексеру жүргізу;

4) педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатыпалу бойынша міндетті жүктеу;

5) мемлекеттік орта білім беру ұйымының педагогін өз кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тарту түрінде жасалған бұзушылық –

Ескерту жасауға алып келеді.

7-4. Осы баптың 7-3-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – Лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР! «Педагог мәртебесі туралы» Заңы бұзылған жағдайда Қостанай облысы сапаны қамтамасыз ету департаментіне 8 (714)2 535266,549482, 87057012374 телефондары арқылы байланысуға болады.