Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының басшылары мен әдіскерлеріне, сондай-ақ білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған секциялық отырыс

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының басшылары мен әдіскерлеріне, сондай-ақ білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған секциялық отырыс

2026 жылғы 17 тамызда Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы бірыңғай республикалық тамыз кеңесі аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының басшылары мен әдіскерлеріне, сондай-ақ білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған секциялық отырысқа қатысты.

Отырыс барысында Департамент қызметкерлері мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының білім беру қызметін лицензиялау мәселелері, оның ішінде ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары және рұқсат беру құжаттарын алу тәртібі бойынша түсіндірмелер берді.

Атап айтқанда, белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне, оларды рәсімдеу және ұсыну тәртібіне, сондай-ақ лицензия алуға өтініш беру рәсіміне ерекше назар аударылды.

Отырыс соңында Департамент өкілі қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, лицензиялауға дайындық бойынша одан әрі атқарылатын жұмыстардың тәртібін түсіндірді.