Педагогикалық әдеп кеңесінің отырысы өтті

Педагогикалық әдеп кеңесінің отырысы өтті

12 желтоқсанда Департаменттің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өтті онда педагогикалық әдепті бұзушылықтардың алдын алу сұрақтары қаралды Қарабалық ауданының білім беру ұйымдары мен білім бөлімінің жұмыс тәжірибесімен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Сапанова Дильнара Сембиевна сөз сөйледі Департаменттің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің мүшелері педагогтердің әдеп бұзушылықтарының алдын алу мәселелерінде Қарабалық ауданының білім беру ұйымдары мен бөлімінің оң жұмысын атап өтті

Департаменттің

педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы А. Мальгаева департамент ағымдағы жылдың желтоқсан айында өткізген Алтынсарин Жітіқара аудандарының білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестерінің жұмысын ұйымдастыру мониторингін қорытындылады Талдауда кеңестердің жұмысын ұйымдастырудағы оң үрдістер атап өтілді, Алтынсарин ауданының білім беру ұйымдарына педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысын нақтылау бойынша ұсыныстар берілді

 Отырыс қорытындысы бойынша облыстың білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестерінің жұмысын ұйымдастыру мониторингін жалғастыру туралы шешім қабылданды, білім бөлімдеріне 2026 жылы білім бөлімдері алқаларының жұмысына педагогикалық әдеп мәселелері туралы сұрақтарды енгізу ұсынылды