2025 жылғы 21 қарашада Департаменттің мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңеске (Zoom конференциясы) қатысты. Жиын барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарының сақталуына қатысты мәселелер талқыланды.