
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 24 тамызда мемлекеттік қызметшілер аумақтық департаменттердің қызметі, қызметтік міндеттерін атқару мәселелері бойынша ҚР Оқу-ағарту Министрінің (Қазақстан Республикасының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті) төрағалығымен өткен онлайн-кеңеске қатысты. 2025 жылғы 11 қыркүйекте Департаменттің мемлекеттік қызметшілері кірістер туралы декларацияны тапсыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі (Қазақстан Республикасының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті) ұйымдастырған онлайн-семинар-кеңеске қатысты. 2025 жылғы 22 қыркүйекте басшының жанынан мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауына жол бермеу, ойын мекемелеріне баруға тыйым салу, құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға тыйым салу мәселелері бойынша кеңес өткізілді.