29 қыркүйекте департаментте «Ұстазға алғыс!» апталығына арналған салтанатты іс шарасы өтті. Салтанатты шараға Қостанай облысының білім саласында мемлекеттік бақылауды іске асыруға белсене қатысып жүрген сарапшылар, облыстың әдістемелік кабинетінің, аудандық білім бөлімдерінің өкілдері арнайы шақырылды. Іс шара басында департамент басшысы А.Мальгаева шақырылған педагогтерге Оқу-ағарту министрінің құттықтауын жеткізіп, сарапшыларға Алғыстар табыс етті.
Департаменттің бөлім басшысы А.Қайралапов департамент тарапынан өткізілген мемлекеттік бақылау шараларының нәтижелеріне шолу жасап, сарапшы-педагогтердің облыстың білім саласын дамытуға қосқан үлестерін атап өтті.
Жиналған сарапшы-педагогтер салтанатты шараның мән-мазмұнын терең қабылдап, департаментпен бірлесіп қызмет етуге дайындықтарын білдірді.