«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ (бұдан әрі-Департамент) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы арқылы жүзеге асырылады.
Өтініштерді қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны- электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. 2025 жылдың 12 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 208.
2025 жылы оң көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 208, оның ішінде елдер бойынша: Австрия-1, Әзірбайжан-3, Болгария-1, Бразилия-1, Германия-21, Греция-6, Израиль-1, Испания-9, Италия-57, Польша-8, Португалия-2, Корея-3, Ресей-6, Румыния-2, Словакия-4, АҚШ-1, Түркия-25, Өзбекстан-4, Украина-1, Финляндия-1, Франция-2, Чехия-39, Чили-4, Қытай-4, ЭҮП-2.
Түрлері бойынша ресми құжаттарға апостиль қойылды: мектеп аттестаттары – 157, ТжКБ – 31, басқа құжаттар – 20.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны-0.
2025 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу болмады. Есепті кезеңде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары тіркелген жоқ.