Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері білім беру саласындағы нормативті құқықтық актілерді әзірлеуге әрдайым қатысып отырады.
2025 жыл ішінде Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне, Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру бөлігінде білім беру жүйесінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» №719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қағидаларының жобасына өзгерістер енгізу; elicense.kz порталының хабарламалық тәртіп бөлігін жетілдіру, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде білім беру қызметін лицензиялау бойынша бизнес-процестерді және білім беру саласының басқа да бағыттарын жетілдіруге қатысты ұсыныстар жолданды.