2023 жылдың 11-15 желтоқсан аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Б. Майлин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттау комиссиясының шешімімен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Б. Майлин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес емес деп танылды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Б. Майлин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмегендіктен «аттестатталмады» деген қорытынды берілді.