2023 жылдың 21 – 24 қараша аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Краснокордон жалпы білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттау комиссиясының шешімімен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Краснокордон жалпы білім беретін мектебі» КММ білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес деп танылды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Краснокордон жалпы білім беретін мектебі» КММ білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келгендіктен «аттестатталды» деген қорытынды берілді.