2023 жылдың 14-20 қараша аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім бағдарламаларын, бастауыш білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын, негізгі орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын, жалпы орта білім берудің берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру бөлігінде мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттау комиссиясының Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес деп танылды; Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес емес деп танылды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейі бойынша «аттестатталды», орта білім беру деңгейі бойынша «аттестатталмады» деген қорытынды берілді.